Әлеуметтік желілерде танымалдығы артқан дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, Қазақстандағы діни насихат, тоқал алу, араб сөздері, хиджаб пен қысқа балақ туралы пікірін білдірді. – Біз ең еліктегіш, жалт-жұлт еткенге құмар халықпыз. Ағылшынша сөз білмесек те «окей» деп сөйлейміз, арабша білмесек те «Машалла» деп айтамыз. Неге қазақша Құдай қаласа деп айтпаймыз. Біз өзге мемлекеттерге