Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті табылды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлайды. Полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды анықтаған. Кейін олардың 4-уі көз жұмды. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады. Дін атын жамылған адам қамауға алынды.