Солтүстік Қазақстан облысында бұрынғы учаскелік инспектор қасақана жасалмаған кісі өлімі ісінде әрекетсіз болды деген күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Өңір прокуратурасы дерегінше, 11 шілдеде Жамбыл ауданы ауруханасында оқ-дәрі қаруынан Бауман ауылында тұратын 51 жастағы әйел қайтыс болған. Әйелдің 65 жастағы ауылдасы ұсталып, оның әрекеті «Абайсызда кісі өлтіру» және «Атыс қаруын заңсыз сақтау» баптары