Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасап, референдумға қатысуға шақырды. ОСК референдумға 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатыса алатынын атап өтті. – Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады. […]