“АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгерінің мәйіті Шахтинск қаласындағы өртенген пәтерден табылды. Мәйітте пышақ іздері бар деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Патриот Telegram-арнасының мәліметінше Ирина Эм 54 жаста болған. Мәйіт Жеңіске 40 жыл көшесіндегі пәтерді сөндірген соң табылған. Алдын ала мәлімет бойынша қылмысты жасыру үшін өрт қойылуы мүмкін. Оның өлімі мен мамандығы арасындағы байланыстың бар-жоғын тергеу анықтайды, делінген хабарламада. Қарағанды

Өртенген пәтерден «АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің мәйіті табылды
Жаңалықтар































