Абай облысында көз жұмған тракторшының отбасы мемлекет тарапынан көмек алмауы мүмкін. Себебі сараптама қорытындысы бойынша Сергей Архиповтің өрттен емес, жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғаны анықталыпты. Архипов өткен сенбіде жұмысқа шақырылған. Ол басқа орманшылар сияқты өрт сөндіруге барды. Туыстарының айтуынша, ер адам оларға орманның жанып жатқанын айтқан. Кейін ол рация арқылы әріптестеріне адасып кеткенін жеткізіп, содан кейін