«Егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі», – депті отандық кәсіпкер Рамиль Мухоряпов. Рамиль Қазақстандағы «ChocoFood», «Chocotravel.com» деп аталатын бизнестің иесі. Бизнесменнің қазақ тілінде жауап бергендерге қатысты айтқан пікірі көпшіліктің наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде тіл жанашырлары, журналистер мен сарапшылар кәсіпкердің компаниясы шығаратын өнімдерге бойкот жариялауға шақырды. «Президент