Қазақстанның Сыртқы істер министрі Айбек Смадияров Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарованың «украиналық дипломатты елден шығару туралы» мәлімдемесіне пікір білдірді. Оның айтуынша, Ресейдің Украина елшісін Қазақстаннан шығару туралы мәлімдемесі екі елдің одақтастық туралы келісіміне қайшы. Еске салсақ, бұған дейін Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбаты көпшіліктің талқысына түскен.