Елімізде қазірдің өзінде 70 мың Ресей азаматы ЖСН алды. Ресейліктердің елге келуі пәтердің жалдау ақысына әсер етті. Ел азаматтары тұрып жатқан пәтерінің жалдау ақысы қымбаттағанына наразы. Материалға пікір білдірген барлық адамның аты өзгертілді. «Пәтерді босатыңдар, Ресейден келгендерге қымбатқа берем» Сандуғаш - 1-курс студенті. Университетке түскенде жатақхана керек емес екені туралы құжатқа қол қойған. Өйткені ата-анасы