ОСК-ның алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды қолдап дауыс берген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасы Нұрлан Әбдіров хабарлады. «Рефрендумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 болды, яғни, референдумға қатысқан азаматтар санының 68,06%-і. Осылайша референдум […]