Кеше Өскеменде қатты дауыл болып, ондаған үйді қиратып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Бүлінген үйлер – Шығыс ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасымен салынған баспаналар. Зардап шеккен тұрғындардың айтуынша, кенеттен соққан құйын бас-аяғы бірнеше минуттың ішінде ауыл ішін астаң-кестең еткен.