29 қарашада әлеуметтік желіде Өскемен тұрғындарының шағымдары жазылған жазбалары пайда бола бастады. Онда азаматтар қаладағы түтіннен дем алу мүмкін емес екенін айтқан. Zakon.kz тілшісі экология министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, мән-жайды сұрады. Ведомствоның берген ақпаратына сәйкес, қалада 2-дәрежелі ҰМУ (қолайсыз ауа райы) болжамы жарияланған. Оған қоса 35 градус аязға байланысты жеке сектор, жылу электр стансалары мен