Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және 8 техникасы тартылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. Шатырдың құрылымы ағаштан жасалғандықтан өртті сөндіру қиынға соқты, осыған байланысты өрт тез тарады. 150 шаршы метр аумақты алған өрт сөндірілді.