Астана тұрғыны Айнұр Абитаева балалар арбасымен қоғамдық көлікке міну кезінде көмектескен №78 автобус жүргізушісіне алғыс білдірді. Жүргізушінің адамгершілігіне тәнті болған жолаушы әлеуметтік желіде басынан өткен оқиғасын бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz. «Балалар арбасымен автобусқа мінуге қорқып қалдым» Айнұр Абитаеваның айтуынша, соңғы жаңалықтардан кейін ол балалар арбасымен қоғамдық көлікке мінуге қорқып, діттеген жері алыс болса да жаяу …