Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақстанның картоп экспорттауға мүмкіндігі барын айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Картоптың ішкі нарықтағы айлық қажеттілігі – 152,7 мың тонна. Әкімдіктердің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда картоп қоры 124,9 мың тонна болады. Маусым айынан бастап ерте пісетін картоп жиналып жатыр. Оның жалпы көлемі 270,9 мың тоннаға жетті. Тамыздың бірінші жартысында 7,8 мың …