Америкалық және еуропалық галереяларда пайда болған 3D-саяхаттар елімізге де келді. Қазақстанда 3D-турлар немесе виртуалды саяхаттар тек мәдени нысандарда ғана емес, сән салондарында, медициналық орталықтарда, фитнес-клубтарда, кафелер мен мейрамханаларда бар. Панораманың қарапайым суреттен айырмашылығы сол, оны айналдырып, өз айналаңдағы заттарды көруге болады. Сондай-ақ, виртуалды турды жапсырмалар (кіріктірілген сілтемелер, бейнелер, фотосуреттер, аудио және мәтін) арқылы интерактивті етуге