Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында аса ірі көлемде есірткі өткізумен айналысатын күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді деп хабарлады turkystan.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Петров көшесінде елорданың 50 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел адамның жеке заттарын тінту барысында сөмкесінен салмағы 400 грамм болатын сатуға дайындалған гашиш және марихуана табылды. …