Актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова жеке өміріндегі құпиясымен бөлісетін уақыт келгенін айтты. Сүйіктісімен түскен суреттері мен видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп, барлық шындықты жайып салды. Ол бірнеше жылдан бері өзін іздеп жүрген еді. Әрдайым жанына бірнәрсе жетіспейтінін, жүрегі тынышсыз екенін айтып, шет елге кеткен. Өзін танып, ішкі дүниесімен арпалысып жүрді. Сондай күндердің бірінде өмірлік махаббатын жолықтырды.