Филолог, «Абай тв» арнасының бас продюсері Жаңылхан Мәмежанқызы әлеуметтік желіде орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілінің деңгейіне шүйлікті. Автордың айтуынша, танысының қызы оқитын мектепте қазақ тілі дұрыс оқытылмайды. Диктанттарын көшіріп беріп, қала берді қазақ тарихы тұрмақ, Қазақстан географиясын жетік білмейтіндерін айтқан. Білім беру саласына өзгеріс керек. Орыс, ағылшын, ұйғыр мектептерінде қазақ тілін оқытудың әдістемесіне жаңалық керек.