Үкімет өз қызметінің ақпараттық қолдау форматын біртіндеп қысқарта бастады. Бұл туралы белгілі саясаткер Данияр Әшімбаев өзінің телеграм-арнасында былай деп жазды: «Осыған дейін үкімет отырысында талқыланған әрбір мәселе екі релиз түрінде жүретін. Біріншісі – премьер-министрдің маңызды тапсырмалары мен мәлімдемелерінен тұрса, ал екіншісі – министрлердің сөйлеген сөздерінің толық мазмұнын жеткізетін. Соңғы кездері екінші релиз жоқ болып кетті,