Желіде Алматы облысында шетел азаматының ойын-сауық орталығында өтіп бара жатқан төрт жасар қызды теуіп жіберген видео тарады. Себепсіз бүлдіршінді тепкен Түркия азаматы анықталып, ұсталды. Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов қызды тепкен ер адамныңұсталғаны туралы видеоны жариялады. 23 шілдеде Қарасай аудандық ішкі істер бөліміне 27 жастағыәйел белгісіз біреу сауда-ойын-сауық орталығында төрт жасарқызына дене жарақатын салғанын айтып арызданған.