Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов Ресейден сатып алатын газ бағасын жариялауға болмайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бағаны белгілеу кезінде «нарық бағасы мен ұлттық мүдде» ескерілген. 16 шілдеде Петербург халықаралық экономикалық форумында Өзбекстан үкіметі мен ресейлік «Газпром» газ саудасы туралы келісімге қол қойды. Ресей 1 қазаннан бастап көгілдір отынды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізе бастайды. Келісім