АҚШ Өзбекстанмен белсенді түрде сындарлы саяси диалог жүргізуге дайын. 29 қарашада Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Фуркат Сыдықов пен АҚШ елшісі Джонатан Хеник кездесуінде осындай мәлімдеме жасалды. СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде өзбек-америка стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы сөз болды. Тараптар жоспардағы іс-шараларды, соның ішінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік диалогының