Ұзындығы 106 км «Дарбаза» станциясынан «Мақтаарал» станциясына дейінгі желіні салу жобасын іске асыру «Сарыағаш» өткізу пунктінің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өнеркәсіптік кооперация жобаларын іске асыруды, өнеркәсіп, көлік және қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Сондай-ақ, көлік саласының жобалары, атап