Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қызы Саида Мирзияеваны президент әкімшілігінің байланыс және ақпараттық саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындады. Бұл жайында президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады. Жаңадан құрылған бөлім қоғамдық пікір және ақпараттық саясатты зерттеумен айналысады. Мирзияева сонымен бірге елдегі әлеуметтік, мәдениет және білім беру саласындағы реформалардың жүруін қадағалайды. Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида 2019-2022 жылдарда