Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейсенбі, 18 маусым күні жұмыс күнінің басталу уақытын кейінге шегерді. Себебі дәл осы күні елдің ұлттық құрамасы футболдан әлем чемпионатында алғаш рет ойнайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.