Қоқан пединститутының студенттері жатақхана бөлмесіне жасырын камера орнатылғанын анықтады. Студент қыздардың айтуынша, институт басшылығы оларды милицияға шағымданды, «институт мүлкін» бүлдірді деп айыптаған. Жатақханада тұратын студенттердің Kun.uz басылымына хабарлауынша, 1 сәуірде оларды референдумға қатысты үгіт-насихат шарасынан шұғыл шақыртып алып, бөлмені ашып беруін сұрап, «Wi-Fi қуатын күшейтетін құрылғы орнатылады» деген. Содан күдіктенген қыздар бөлменің жоғарғы бір бұрышына