Енді Twitter-де «пародия» деген белгіні көрсетпей, басқа адамның атынан парақша ашып, пайдаланғандардың аккаунттары бұғатталады. Бұл туралы Маск өзінің парақшасында жазған деп хабарлады The Verge басылымы. Тоқтатуға дейін ескерту жасағанбыз, бірақ қазір біз жаппай тексеру жүргізіп жатқан кезде ешқандай ескертулер болмайды, деп жазды әлеуметтік желінің жаңа басшысы Илон Маск.