17 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында бастауыш сынып мұғалімі өзіне қол салған. Жақындарының айтуынша оны мұндай қадамға әріптестері итермелеген болуы мүмкін, деп хабарлайды «Мой город» порталы. Назым Өмірзақова педагогикалық колледжді бітіріп, бірден ауыл мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Алайда келген күннен бастап басшылықпен қарым-қатынасы жақсы болмапты. Директордың орынбасары оған ескертулер жасап