30 қаңтар Пәкістанда мешітте жарылыс болды. Бұл туралы Geo.tv хабарлады. Салдарынан 150-ден астам адам жарақат алды, 28 адам қаза тапты. Зардап шеккеннің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жаралыс Пешевардағы полиция бөлімшесінің жанында болды. Полицияның мәліметінше, лаңкес бомбаны мешітте бірінші қатарда тұрып, жарған. Жарылыс болған аймақ қоршауға алынып, қалада төтенше жағдай режимі енгізілді.