Атырау әкімінің экс-орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы кейін болатын болды деп хабарлады turkystan.kz. Осы кезге дейін қылмыстық іс Атырау қалалық № 2 сотына түскені туралы айтылған еді. Алғашқы сот отырысы 14 маусымға белгіленген болатын. «Істі қарайтын судья өзге қылмыстық іс бойынша кеңесу бөлмесіне кетуіне байланысты басқа күнге ауыстырылды», – деді соттың баспасөз қызметі өкілі. …