Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қазақстанда жүк вагондарының жасанды тапшылығын орнатып, вагон тауып беремін деп кәсіпкерлерден пара алған бір топ адамды ұстады. Ең сорақысы, олардың арасындағы филиал басшысы кәсіпкерлерден алған ақшаға құмар ойын ойнаған. «Қазақстан Темір Жолы» еншілес кәсіпорындарының бірі, жүк вагон паркінің ірі операторы - «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды адамдарын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы