Париждегі Олимпиадаға Қазақстан құрамасының бір тобы аттанып кетті. Еліміздің атлеттері спорттың 25 түрінен бақ сынайды. Жалпы 80 спортшы 92 лицензия жеңіп алған. Одан бөлек, бапкерлер, менеджерлер, медициналық қызметкерлер, журналистер бар, деп хабарлайды Ulyssport.kz.