Алматыда пәтерінде мефедрон өндіретін зертхана ұйымдастырған 34 жастағы ер адам ұсталды. Тінту кезінде жалпы салмағы 4,5 келі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Tizgin.kz. Пәтерді зертханаға айналдырған Полиция мәліметінше, күдікті есірткі зертханасын тұрғын үй кешенінің соңғы қабатындағы пәтеріне орналастырған. Сонымен қатар химиялық буларды сыртқа шығаратын құрылғыны ғимараттың ортақ желдету жүйесіне жалғаған. Тінту барысында шамамен бір келі …