Өрт салдарынан саяжайларға қауіп төнді деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23:47-де «Яблонька» бағбаншылығы ауданында Ертіс өзені алқабында шамамен 6 га алаңда қамыс жанып жатқаны туралы дабыл түсті. «Өртті сөндіруге 17 адам мен өрт сөндіру қызметінің төрт техникасы, жергілікті атқарушы органдардан екі су тасығыш жұмылдырылды», делінген ТЖД хабарламасында. Өрт сағат 1:35-те оқшауланып, 2:07-де сөндірілді.