Павлодар облысының мәслихатында Курчатов қаласының аумағын Абай облысының қарамағына беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аталған ұсынысты Павлодар облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов ұсынды. Ол жаңадан құрылған Абай облысы Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданынан және Семей қаласынан құрылғанын еске салды. Оның құрамына Курчатов та енді. Қала Павлодар облысының шекарасында орналасқан, бірақ іс жүзінде