Павлодар облысында апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі шешілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің облысқа барған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Өңір әкімдігінің хабарлауынша, жарамсыз, ескірген ғимараттардың орнына заманауи үш мектеп бой көтерген.