Енді облыстық психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері ақыл-есі сау екенін дәлелдеуге мәжбүр болып отыр. Оларға жүйке жүйесі бұзылған деген диагноз қойылған екен. Әлде кімдер ақшаны жымқырудың осындай әдісін ойлап тауыпты. Психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері осылайша әп-сәтте ақыл-есі ауысқандар қатарына қосылып, емделген болып шыққан. Бірден 300 қызметкер DamuMed жүйесі арқылы SMS-хабарлама алған. Хабарламада денсаулық жағдайы жақсарғандығы айтылып, елорданың психиатриялық