Павлодар облысында орталық жылыту мен ыстық судың бағасы өткен аймен салыстырғанда орташа есеппен 24,8%-ға өсті. Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті. Сондай-ақ, соңғы айда аймақта тұрғындардың суық суға жұмсаған шығындары 6,5%-ға, ал су бұруға жұмсаған шығындары 11,1%-ға өскен. Ақпан айында Павлодар облысында тұтыну бағаларының индексі 101,5% құрады. Естеріңізге салсақ, өткен айда Павлодарда жылу тарифі