«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Техниканың шұңқырдың түбіне өтуі үшін жолды кеңейту бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Барлығы 150 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.