Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсанда сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында 4 пәтерлі шпал үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды, деді