Павлодар облысының төрт ауданында құтырма ауруы анықталды. Бұл туралы Qazaqstan.tv. хабарлады. Арнаның мәліметінше, ауруға Ертіс және Железинка ауданында ірі қара шалдыққан Май мен Ақтоғайда иттерден анықталды. Бұл аудандар бір-бірінен алыс орналасқан. Сала мамандарының пайымдауынша, үй жануарларына құтырма аң-құстан жұққан. Уақытша карантин жарияланды.