Павлодар қаласында балалар алаңында ойнап жүрген 5 жасар қыздың аяғы әткеншекке қысылып қалды. Бүлдіршінге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ойын алаңына келген төтеншеліктер дереу аспалы құралдың көмегімен балақайды шығарып алды. Кішкентай қыз зардап шекпеді