Павлодарда әйелін балалардың көзінше гантельмен аяусыз ұрған ер адам сотталды. Сотта жәбірленуші сотталушыға қатысты шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Оқиғабылтыр 3 маусымдаболған. Ішіп алған ер адам Амангелді көшесіндегі үйге, өзінің бұрынғы әйеліне келген.Екеуі сөзге келісіп қалып, 32 жастағы тұрғын қасақана өлтіру мақсатында жуынатын бөлмеден салмағы сегіз келі тартатын гантель алып шығып, әйелдің басынан екі рет ұрған.