Фото: Pixabay Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Айыптау тарапы айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған. Айыпталушы 2-2,5 жастағы балаларды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды. Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, тәрбиеші оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене жарақатын келтірген. Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру...