Павлодарда айықтырғышқа түскен ер адам мерт болды. Үйінен өз аяғымен кеткен оны табытпен әкелген. Марқұм түрлі дене жарақатынан ауруханада қайтыс болыпты. Ал жақындары оны ұрып-соққан деп отыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Күлжан Медейдің жолдасынан айырылғанына 2 айға жуықтаған. Марқұм жиі ішімдік ішетіндіктен, учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болыпты. Алайда оның соңы өлімнен аяқталатын білмедім деп отыр.