«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-нің бұрынғы басшылығына сот үкімі шықты. Сотталғандар арасында кәсіпорынның бұрынғы бас директорлары Оспанбек Әлсейітов пен Шухрат Данбай да бар. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандары үшін оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. Сот Павлодар мұнай-химия зауытының екі бұрынғы бас директоры мен топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады.