Павлодар облысында жеке үйдегі өрттен 2 жасар қыз көз жұмды. Өрт 80 шаршы метрді аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Жергілікті уақытпен сағат 10:29-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 8 адам мен 2 техника жедел жетті.