Павлодарда 18 жастағы қыз жолаушылар пойызының төбесінде селфи жасамақ болып күйіп қалған деп хабарлады turkystan.kz. «18 жастағы қыз денесінің оң жақ бөлігін термиялық күйік шалып, травматикалық шокпен ауруханаға түсті. Белгілі болғандай, ол селфи жасағысы келіп, вагон үстіне шығып кеткен», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Бойжеткен Жолқұдық вокзалының маңында электр энергиясынан жарақат алған. …