Павлодардағы Кривенко көшесінде 30 жастағы жігіт қолына балға, нақтырақ айтқанда Marvel жанкүйерлеріне таныс Тордың балғасын ұстап бара жатқан. Оны жергілікті полицейлер байқаған. Жігіт төрт киллограмдық балғаны интернет-дүкеннен сатып алғанынын, аксессуар ретінде пайдаланатынын айтқан. Полицейлер жігіттің қолындағы суық қару емес, акссесуар екенін ескеріп, босатқан. Алайда профилактика үшін әңгіме жүргізген.